$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2026, 20:39
Қоғам

«Менің атым – Конституция»: Қазақстандағы жалғыз ерекше есімі бар әйел Таразда дауыс берді (ВИДЕО)

Конституция Орынқызы Таразда тұрады

«Менің атым – Конституция»: Қазақстандағы жалғыз ерекше есімі бар әйел Таразда дауыс берді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанда Конституция есімі бар бір азамат тұрады. Ол – Тараз қаласының тұрғыны Конституция Нартбаева екені белгілі болды, деп жазады Azattyq Rýhy 

Жамбыл облысының Орталық коммуникациялар қызметі хабарлағандай, Конституция Нартбаева 1958 жылы туған. Ол өзінің атын жақсы көреді және оның тарихына ерекше көңіл бөледі.

«Өзімнің атым өзіме қатты ұнайды. Өз елімнің негізгі заңына қатысты есімім бар болған соң бүгінгі референдумға келу де мен үшін маңызды болды. Сондықтан, мен бүгін алғашқылардың бірі болып, референдумда дауыс бердім», - дейді Конституция Орынқызы.

Айта кетейік, Конституция Орынқызы 1958 жылы туған. Ол кезде жаңа туған балаларға саяси науқандарға қатысты есім қою сәнді болған. Қазақстанда Атазаң, Заң және Конституция деген есімдер бір-бір адамға қойылған. Тағы екі адамның Дауыс деген аты бар.