Атазаң, Заң, Конституция, Дауыс пен Сайлаугүлдер – Қазақстанда елде жоқ есімі бар неше азамат өмір сүреді
Ұлттық статистика бюросы статистика ұсынды
Бүгін хабарлағынымыздай, Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиге ата-анасы Атазаң деген ат қойған. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда саяси науқандарға байланысты есім алып жүрген азаматтардың саны мен олардың ерекше есімдері туралы мәлімет ұсынған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұлттық статистикасы бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда Конституция деген аты бар 1 адам тұрады. Сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар. Тағы екі адамға ата-анасы Дауыс деген ат қойған.
«Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар бар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандарда. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам. Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімін 1197 адам иеленген», - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.