13.02.2026, 12:45
Қоғам
Наурыз мейрамы кезінде 35 мың қазақстандық үшін қосымша пойыз билеті сатылады
Ол үшін «Жолаушылар тасымалы» 230 вагонды жолға шығармақ
Фото: Жолаушылар тасымалы
Наурыз мерекесіне орай, 19-31 наурыз аралығында «Жолаушылар тасымалы» қосымша 35 мың пойыз билетін сатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл үшін үш қосымша пойыз, 230 вагон жолға шығады.
«Жолаушылар тасымалы» қосымша пойыздардың кестесін ұсынып отыр:
- №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
- Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
- Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.
- №204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
- Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
- Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.
- №205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
- Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
- Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды