$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:16
Қоғам

Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз

Олардың жартысынан көбі тестілеудің шекті деңгейінен де өте алмаған

Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
Фото: istockphoto.com

Нақты ғылымдар бойынша сабақ беретін педагогтердің 52,62 %-ы шекті деңгейден өтпеген. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ең төмен көрсеткіш Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында айқын байқалған көрінеді. 

«Нақты ғылымдар бойынша педагогтердің жетіспеушілігі де оқуға айтарлықтай кедергі келтіреді. Педагогтердің едәуір бөлігі кәсіби бағалау шегінен өте алмаған, ал әдістемелік қызмет сапасы өңірлер бөлінісінде біркелкі емес. Педагогтердің білімін бағалау нәтижесінде мұғалімдердің 52,62 %-ы шекті деңгейден өтпеген. Төмен көрсеткіштер Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында айқын байқалады», - деп хабарлаған министрліктің ресми сайты.

Айта кетейік, облыстық білім басқармаларының басшыларымен аппараттық жиын өткізген Жұлдыз  Сүлейменова аймақтағы білім сапасына қатысты сын айтқан.