$ 490.58  584.77  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:15
Қоғам

«Ең алдымен, Маңғыстау облысынан бастау керек»: Үкімет қызылшаға қатысты дабыл қақты

Бүгін үкіметте қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселесі қаралды

«Ең алдымен, Маңғыстау облысынан бастау керек»: Үкімет қызылшаға қатысты дабыл қақты
Фото: үкімет

Үкімет Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына, соның ішінде, қызылшаның таралуына қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85% төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері Қазақстанда 1 951 адам қызылша жұқтырған. Олардың көбі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады. Аталған жағдайлардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар.

Үкімет қызылша көп жұқтырған облыстардағы әкім орынбасарларының баяндамаларын тыңдаған. 

«Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екенін айтқан», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.