$ 495.1  583.72  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:58
Қоғам

Қазақстанда полицияның жетонын әлеуметтік желіде тікелей эфирге қосу ұсынылды

Онлайн бақылау жолдағы жемқорлықты азайтуға көмектеседі деп санайды автосарапшы

Қазақстанда полицияның жетонын әлеуметтік желіде тікелей эфирге қосу ұсынылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда жол және көлік полициясының жұмысын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсету ұсынылып отыр. «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысында автосарапшы Еркебұлан Құлбасов осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жемқорлыққа қарсы басты қару – бұл әлеуметтік желі. Біз полиция қызметкерлерінің жетонын Instagram, TikTok немесе YouTube-та тұрақты түрде тікелей эфирге қосып қоюды ұсынамыз. Әрбір азамат тәртіп сақшыларының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігіне ие болуы керек», – деді ол.

Ал тікелей эфирдің өшірілуі міндетті түрде тіркеледі.

«Егер жетон өшірілсе, тікелей эфирдің жазбасы сақталады, экран жазбасы жасалады, содан кейін Экономикалық тергеу департаментіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне немесе прокуратураға жүгінуге болады. Егер жетон тікелей эфир жүргізіп тұрса, қызметкер оны шеше алмайды, өйткені оны адамдар бақылап отыр, тіпті екі-үш адам болса да, бұл ел азаматтары», – дейді Еркебұлан Құлбасов.

Бұған дейін Yandex пен inDrive жүргізушілерге Alphard көлігімен «таксист» болуға тыйым салатынын жазған едік.