$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2020, 12:41
Қоғам

Жамбыл облысы коронавируспен күреске қосымша 10 млрд теңге бөлді

Соңғы дерек бойынша, облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 1866 адам тіркелген

Жамбыл облысы коронавируспен күреске қосымша 10 млрд теңге бөлді
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысының әкімдігі коронавирус инфекциясымен күреске 10 млрд теңге бөлді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өңірде қазіргі таңда 3000-ға жуық медицина қызметкеріне қолдау көрсету мақсатында 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл жұмыс ары қарай өзінің жалғасын табады. Бұдан бөлек, қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-саймандар алуға 10 млрд теңгеге жуық ақша бөлдік. Оның 7 млрд теңгесі дәрі-дәрмекке,1 млрд 600 млн теңгесі «Нұр Отан» партиясының көмегімен дәрігерлерді қолдау, аз қамтылған отбасыларға қажетті дәрілерді жеткізіп, жәрдем беруге жұмсалады. Тағы бір атап өтетіні, бүгінге дейін әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы 1800-ге жуық дәрігерге 712 млн теңгеге қосымша сыйақы берілді», - деді ол.

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Сапарбаев Жамбыл облысында  ПТР-тест тапсыруға болатын 6 зертхана ғана жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

«Осы уақытқа дейін өңірде 65 мыңға жуық адам тест тапсырған. Соңғы мәліметтер бойынша, облыста КВИ-мен 1866 науқас тіркелді, оның 865-і симптомды, 1100-і симптомсыз, 732-і науқас ауруханаларда емделіп жатыр. Науқастарға 1850 төсек орын жабдықталған, тек қана инфекциялық төсектердің пайдаланылуы 75% құраса, 800-ден астам стационарлы төсек бос тұр. Облыста 10 компыютерлік томография жұмыс жасайды. Егер, науқастар саны өсе беретін болса, облысқа қосымша кемі 1500 төсек-орын керек болады», - деді әкім.

Серіктес жаңалықтары