Дәрігер симптомы бар науқастар қолданбауы тиіс препараттарды атады
Коронавирустан үйде емделіп жатқандарға қатысты маман пікірі

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева коронавирустан үйде емделіп жатқан науқастарға кеңесін берді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Коронавирус инфекциясынан өздігінен емделу мәселесіне тоқталғым келеді. Біз қазір симптомды және аз симптомды науқастардың үйде емделуін айтып жатырмыз. Дәрігерлер ондай науқастардың емін реттеуі керек. Аз симптомды ауруы бар науқастар вирусқа қарсы және антибактериялық препараттарды қолданбауы керек. Ондай науқастар ақуызы көп тамақты ішіп, сұйықтықты көп тұтынып, С, D витаминдерін қолдану керек. Температура көтерілген жағдайда парацетамол немесе ибуфен ішуі қажет», - деді ол.
Маман қандай жағдайда дәрігерге қаралу керек екенін де ескертті. Тіпті, кейбір препараттардың салдарын да ойлауға шақырды.
«Витаминді көп мөлшерде қолдану өкпе ауруларын асқындырып жібереді. Қызу 38 градустан жоғары болып, токсикацияның симптомдары пайда болса, пневмонияның өршуін болдыртпай, дереу дәрігерге көріну қажет. Коронавирус індеті кезінде вирусқа қарсы препараттар жазылады. Мәселен, лопинавир, ремдесивир, фавипиравир және гидрокси-хлорофилл. Алайда бұл препараттардың салдары туралы да ұмытпаған жөн. Симптомсыз науқастар бұл препарттарды қолданбауы тиіс. Бұл дәрілер тек дәрігердің тағайындау бойынша қолданылуы керек», - дейді дәрігер.