$ 501.79  595.07  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат Конституцияға ар-намыс пен дербес деректерді қорғауға қатысты өзгерістерді ұсынды

Оның айтуынша, енді жеке өмір мен дербес деректерді қорғау конституциялық деңгейде бекітіледі

Депутат Конституцияға ар-намыс пен дербес деректерді қорғауға қатысты өзгерістерді ұсынды
Фото: Freepik

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашева Конституцияда адамның қадір-қасиетін ғана емес, оның ар-намысын, аты мен қоғамдық беделін тікелей қорғауды нақтылау ұсынылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, «Заңмен қорғалады» деген тұжырымды енгізу бұл норманың мазмұнын практикалық тұрғыдан нақтылай түседі.

«Бұл тек қағидат қана емес, мемлекеттің тікелей міндеті екенін білдіреді. Мемлекет адамның құқықтары мен бостандықтарын, оның қадір-қасиеті мен ар-намысын тиімді әрі түсінікті қорғауды қамтамасыз етуге тиіс», - деді Снежанна Имашева.

Сонымен қатар ол Конституцияның 18-бабын толықтыру ұсынылып отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұқпаушылық, сондай-ақ дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану әрекеттерінен, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жасалатын әрекеттерден тікелей қорғау жөніндегі конституциялық құқықты бекіту көзделіп отыр.

Ұсынылған түзетулер мемлекеттің дербес деректермен жұмыс істеудің айқын қағидаларын белгілеу және оларды заңсыз пайдалану мен мәліметтердің таралуы үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету міндетін нақтылайды. Бұл бастама цифрлық ортадағы заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, азаматтардың құқықтарының практикалық қорғалуын күшейтуге бағытталған.