$ 509.84  595.75  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2026, 17:20
Қоғам

Қазақстандағы жаңа салық шегерімі: әрбір азамат бұрынғыдан көп жалақы ала алады

Ол үшін жұмыс берушінің есепшісіне барып, міндетті түрде арыз жазу керек

Қазақстандағы жаңа салық шегерімі: әрбір азамат бұрынғыдан көп жалақы ала алады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда жұмыс істейтін әрбір азаматтың ай сайынғы жалақысынан 10% жеке табыс салығы ұсталады. Алайда 2026 жылдан бастап бұл салықты азайтуға болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл күшіне енген жаңа Салық кодексіне сай, жалақының 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі бөлігіне мүлде салық салынбайды. Бұл шамамен айына 130 мың теңге. Яғни, Қаржы министрлігінің дерегінше, айлық табысы 145 мың теңгеге дейінгі азаматтар ЖТС мүлде төлемейді. Айлығы 145 мыңнан көп азаматтың жалақысынан осы 130 мың теңге алынады да, қалған сомасына ғана табыс салығы салынады.

Айта кетейік, Қазақстандағы азаматтардың жалақысынан ең алдымен зейнетақы жарнасы және міндетті медициналық жарна алынады. Жеке табыс салығы қалған сомадан шегеріледі. 

Жалақыға қатысты бұл салық шегерімін қолдану үшін компанияңыздың есеп бөліміне барып, міндетті түрде өтініш жазу керек. Егер өтініш жазылмаса, бухгалтер бұрынғыдай жалақыдан толық көлемде табыс салығы ұстала береді.

«Процесті жеңілдету үшін бұрынғы стандартты, медициналық, білім беру, ипотека төлейтін азаматтар мен көпбалалы отбасыларға арналған салықтық шегерімдерді біріктіріп, осы 30 АЕК мөлшеріндегі бірыңғай базалық салықтық шегерімге қостық», - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің өкілі редакцияға.

Салық шегеремін қолдану үшін қандай да бір дүниені растайтын құжат керек емес. Сондай-ақ табыс пен мен мүлік туралы декларация тапсыру туралы міндеті жоқ. 

Серіктес жаңалықтары