$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:05
Қоғам

Астанадағы жедел жәрдем станциясында ірі ұрлықтың беті ашылды

Күдіктілердің арасында станцияның директоры да бар

Астанадағы жедел жәрдем станциясында ірі ұрлықтың беті ашылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Астананың жедел медициналық жәрдем станциясында 2020-2023 жылдар аралығында бюджет қаражаты ұрланып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмысты әшкерелеу үшін арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған. Анықталғандай, күдіктілер жедел жәрдем көліктерінің бөлшектерін қағаз жүзінде ескірді, жарамсыз деп есептен шығарып, жалған келісімшарттар арқылы бюджет ақшасын жымқырған.

«Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу фактілерін анықтады. Соның салдарынан жұмыс істейтін көліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектері ұрланғандықтан пайдаланудан шығарылған», - деп мәлімдеді елорда прокуратурасы.

Осы факті бойынша 4 адам, соның ішінде станция директоры мен 2 орта буынды басшы ұсталған. Олар мемлекетке 850 млн теңге, яғни аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы, 189-бабы 3-бөлігі 1),2),3) тармақтары, яғни «Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған аса ірі мөлшерде бірнеше рет иемденiп алу» бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді, деп атап өтті прокуратура.

Серіктес жаңалықтары