$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2026, 10:45
Қоғам

Қазақстанның екі облысын су тасқынынан қорғайтын жаңа нысан салынады

Жоба биыл басталады деп жоспарланып отыр

Қазақстанның екі облысын су тасқынынан қорғайтын жаңа нысан салынады
Фото: Ақорда

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының елді мекендерін су тасқынынан қорғайтын Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпаратынша, контрреттегіш 870 млн текше метр су жинайды.

«Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Нысан 873 млн текше метр тасқын суды жинауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды», - делінген хабарламада.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинап, оны суармалы жерге қайта бағыттайды.

«Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді», – деді ол.

Жобаны биыл Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары