$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2026, 10:12
Қоғам

Зейнетақы шотындағы «артық ақшасын» алатын азаматтар үшін жақсы жаңалық пайда болды

Биылдан бастап алынған сомаға салық салынбайды

Зейнетақы шотындағы «артық ақшасын» алатын азаматтар үшін жақсы жаңалық пайда болды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірақ, бұл норма Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдардың зейнетақы жинақтарына қатысы жоқ.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін бұрын БЖЗҚ-дан берілетін барлық зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері де табыс ретінде қарастырылып, төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша табыс салығы ұсталатын.

Енді, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының резиденттері үшін зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығы ұсталмайды.

Ал осы уақытқа дейін зейнетақы жинағын алғаны үшін салығын кейінге қалдырған азаматтардың салығы толық жойылады.

Серіктес жаңалықтары