$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2026, 12:52
Қоғам

Алматыда нағашы атасынан мұраға пәтер алған бойжеткенді туған анасы сотқа беріп, дау шығарған

Жиені 2014 жылдан бері қарияның қасында тұрып, оған қамқор болған

Алматыда нағашы атасынан мұраға пәтер алған бойжеткенді туған анасы сотқа беріп, дау шығарған
Фото: istockphoto.com

Жоғарғы сот мүлік дауына қатысты тағы бір істі қарады: бұл жолы сот нағашы атасы пәтерін өсиет етіп тастап кеткен бойжеткеннің құқығын қорғаған, деп жазады Azattyq Rýhy. 

Іс материалдарына сенсек, Алматы тұрғыны қайтыс боларының алдында жиен немере қызының атына нотариус арқылы өсиет жазып, пәтерін мұраға тастап кеткен. Бірақ, қарияның қызы, яғни, пәтерді өсиетке алған бойжеткеннің туған анасы бұған келіспей, әкесінің пәтеріне өзі иелік етуді көздеген. Сондықтан, «әкем тірі кезінде ішімдік көп ішетін, наркологиялық диспансерде есепте тұрған, алкоголизмнен ем қабылдаған және соның салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсінбеген» деген жалаумен қызының үстінен арыз жазған.

Бірініш сатыдағы сот сараптаманың қорытындысына қарай, мұра қалдырған ер адамның расымен де психологиялық ауытқуы болған деген қорытындыға келеді. Алайда,

апелляциялық сатыдағы сот бұл қорытынды заңсыз жасалғанын байқаған. Өйткені, қорытынды қағазда ер адам Астанада тұрды деп жазылып кеткен. Әрі тәуелсіз сарапшылар ер адам тірі кезінде психиатр мен наркологтың есепте тұрмағанын дәлелдеп шыққан. Сондықтан, істі қараған судья ең алдымен бірінші қорытынды жасаған психиатрдың лицензиясын жойып, оны жазаға тарту туралы шешім шығарған.

Одан өзге, нағашы атасынан мұра ретінде пәтер алған бойжеткен 2014 жылдан бері атасымен бірге тұрғанын анықтап, пәтер өсиет ретінде бойжеткеннің атында қалады деген үкім шығарды.

Серіктес жаңалықтары