Алматы мешітінде намаз оқып жатқандарды тонап жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Полиция ұрының ізін суытпай ұстаған
Алматының полициясы мешітке келіп, бірнеше рет ұрлық істеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, мешіттегі жамағат намаз оқып жатқанда ұры олардың сырт киімдеріне жақындап, қалталарынан телефон, ақша және басқа да бағалы заттарын ұрлап әкетіп жүрген.
Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Еділхан Байғараевтың айтуынша, күдікті тек «қағаздағы» заңды емес, ардың заңын бұзған.
«Біз адам көп жиналайтын орындарда қылмыстың аз болғанын қадағадаймыз. Ал, бұндай әрекеттер тек материалдық жағынан емес, адамзаттың ар-ожданы жағынан да теріс қылық. Полицияның жедел қызметінің арқасында ұры ұсталып, әрбір ісіне қатысты тергеу басталды», - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай қылмыс Шығыс Қазақстан облысында да тіркелген еді. Күдікті әйел мешіттегі адамдардың жеке мүлкіне қол салған.