Ертең 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ертең, сенбі күні Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде
3 қаңтарда Алматы, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе қалаларында, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тынық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, тас жолдарда уақытты көп өткізбеуге кеңес береді. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.