Дәрігерлер былтыр Қазақстан бойынша 4 млн баланы тексерген
2025 жылы Қазақстанда 4 миллионнан астам бала профилактикалық тексеруден өткен
Балаларды сауықтыру бағдарламасы шеңберінде өткен жылы Қазақстанда 4 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтті, 2 млн-нан астам бала аудиологиялық скрининг және психофизикалық дамумен, 300 мыңнан астам бала-неонаталдық, 13 мыңға жуық бала офтальмологиялық скринингпен қамтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Емханаларда 209 педиатриялық бөлімше және 290 даму және ерте араласу орталықтары ашылды. Бұл туа біткен ақауларды анықтауды жақсартуға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 50 мыңнан астам бала тұрғылықты жері бойынша емханалар базасындағы ерте араласу орталықтарында қажетті медициналық көмек алды.
Балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін 10 стандарт және босану, балалық шақ бойынша 26 клиникалық хаттама жаңартылды.