02.01.2026, 07:02
Қоғам
Маңғыстау облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды
Жүк көлігі қозғалысын жалғастыра алмаған
Фото: depositphotos.com
1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Шағырлы-Шомысты кен орнының маңындағы Бейнеу ауылы жолында қар құрсауында жүк көлігі тұрып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Хабар түсе салысымен оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, жүргізушіге қажетті көмек көрсетті және көлік құралын босатты.
Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ қазақстандықтарды ауа райы болжамын назарда ұстауға және қолайсыз ауа райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
