Алматы облысында жасөспірім су қоймасына батып кетті
Оқиға Жамбыл ауданы, Ұмбетәлі ауылында болды
Бүгін Алматы облысының ТЖД 112 пультіне Жамбыл ауданы, Ұмбетәлі ауылындағы су қоймасына жасөспірімнің батқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖМ және ҚР РЖҚЖ құтқарушылары шұғыл жеткенмен, жасөспірімдердің біреуін құтқару мүмкін болмады.
«Төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда суға түсіп кеткен. Куәгер балықшы ойланбастан үш жасөспірімді судан шығарған. Өкінішке орай, төртіншісін құтқара алмады», - делінген хабарламада.
Жасөспірімнің денесін құтқарушылар полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Осыған орай, ТЖМ балаларды су қоймаларында қараусыз қалдырмауға, жұқа мұзға шықпауға, су объектілері маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.