31.12.2025, 14:00
Қоғам
Жаңа жыл қарсаңында 10 жас ғалымға тұрғын үй сертификаты табысталды
Оның үшеуі Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде қызмет етеді
Фото: istockphoto.com
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 10 жас ғалымға салтанатты түрде тұрғын үй сертификаттары табысталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл бастама жас ғалымдарды қолдауға, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, дейді министрлік.
Іс-шара барысында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің үш жас ғалымы баспана сертификатына ие болған.
АШМ мемлекет тарапынан көрсетілген мұндай қолдау шаралары жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға зор ықпал ететінін атап өтті.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы