$ 502.57  591.68  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:24
Қоғам

Қазақстан биыл зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге неше теңге жұмсағаны белгілі болды

Мемлекеттің кепілді көмегін 4,6 млн адам алып отыр

Қазақстан биыл зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге неше теңге жұмсағаны белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2025 жылдың басынан бері Қазақстан мемлекеттің кепілді зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеу үшін 5,9 трлн теңге жұмсаған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаған ол мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін үздіксіз және уақытында орындағанына баса назар аударды.

«Жыл басынан бері зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге 4,6 млн-нан астам адам үшін шамамен 5,9 трлн теңге жұмсады, оның ішінде 2,5 млн-ға жуық зейнеткер мен 2,1 млн-нан астам мемлекеттік жәрдемақы алатын адамдар бар», - деді Жақыпова.

Ол сондай-ақ биыл 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% дейін, ал ең жоғары мөлшері 110% көбейгенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары