30.12.2025, 12:20
Қоғам
Еңбек министрлігі 2026 жылы Қазақстанға неше қандас көшіп келе алатынын айтты
Әр өңірге жеке-жеке квота белгіленіп отыр
Фото: gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен ел ішінде қоныс аударатындардың 2026 жылға арналған өңірлік квотасы 8 278 адам деп белгілеген. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша, келесі жылы Қазақстанның мына өңірлеріне:
- Павлодар облысы – 977 адам;
- Ақмола облысы – 285 адам;
- Абай облысы – 264 адам;
- Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам;
- Қостанай облысы – 200 адам;
- Атырау облысы – 125 адам;
- Батыс Қазақстан облысы – 30 адам қандас ретінде көшіп келе алады.
Ал ел ішінде қоныс аударатындардың квотасы төмендегідей:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам;
- Павлодар облысы – 1 655 адам;
- Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам;
- Қостанай облысы – 485 адам;
- Абай облысы – 275 адам;
- Ұлытау облысы – 125 адам;
- Қарағанды облысы – 37 адам.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды