29.12.2025, 11:10
Қоғам
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда он баласы бар отбасылар 173 мың теңге жәрдемақы алады
Биыл олар 157 280 теңге жәрдемақы алған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап зейнетақы, балаға берілетін жәрдемақы мен мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысы қалай өсетінін есептеп көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% көбейеді.
Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- 2025 жылы 171 588 теңге зейнетақы алып жүрген азаматтар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 192 816 теңге зейнетақы алады;
- 2025 жылы 63 030 теңге жәрдемақы алып жүрген 4 баласы бар отбасылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 69 330 теңге жәрдемақы алады
- 2025 жылы 157 280 теңге жәрдемақы алып жүрген 10 баласы бар отбасылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 173 000 теңге жәрдемақы алады;
- 2025 жылы 101 702 теңге жәрдемақы алып жүрген I топтағы мүгедектігі бар адамдар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 111 872 теңге;
- II топтағы мүгедектігі бар азаматтар 81 362 теңгенің орнына 89 498 теңге;
- III топтағы мүгедектігі бар азаматтар 55 474 теңгенің орнына 61 021 теңге жәрдемақы алады.
Көп оқылған
11.02.2026, 17:25
Рамазан-2026: Қазақстанда пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекіді
11.02.2026, 12:58
Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Бас прокуратура күдікті күйеуі мен енесіне қатысты тың мәлімет жариялады
11.02.2026, 11:30
«Он алты жұмыртқамды мұздатып қойдым»: Қазақстанда аналық жасушаны «қатыру» үшін неше теңге кетеді
11.02.2026, 20:11
Шымкентте жол бойында жаппай төбелес болып, 3 адам қамауға алынды