$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:47
Қоғам

Астанадағы келіншекке тоғыз жыл бұрын өмірден озған әкесі «сәлемдеме» жіберген (ВИДЕО)

Алаяқтар әйелге телефон соғып, курьер жібереміз деген сылтаумен алдаған

Астанадағы келіншекке тоғыз жыл бұрын өмірден озған әкесі «сәлемдеме» жіберген (ВИДЕО)
Фото: © pexels.com / Norma Mortenson

Астана қаласы полиция департаментінің Кибералаяқтыққа қарсы басқармасы алаяқтардың «күлкілі» амалдарын жариялап тұрады. Бұл жолы олар өмірден озған адамның атын жамылып, оның қызын алдамақ болған алаяқтардың видеосын жүктеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео авторы өзіне алаяқтар қоңырау шалып тұрғанын бірден түсінген. Өйткені, алаяқтар сәлемдеме жіберген адам ретінде оның өмірден озған әкесін атаған.

«Сіз айтып тұрған адам – менің әкем. Сізге оның өлгені туралы куәлікті көрсете аламын. Ол тоғыз жыл бұрын көз жұмған. Адамдарды алдамас бұрын, адам тірі ме, өлі ме, тексеріп алсаңыздаршы, ұят емес пе!?», - дейді әйел.

Бұл сөздерден кейін алаяқтар тұтқаны қоя салған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы алаяқтықтың көп кездесетін түрі – осы сәлемдемелерге байланысты. Алаяқтар «сізге сәлемдеме жіберді, ақшасы төленген, оны алу үшін код айтыңыз» деген сылтаумен адамдардың шотындағы ақшасын шешіп алады.

Серіктес жаңалықтары