$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2020, 09:07
Қоғам

«Тікұшақпен вирус шашып жүр»: Қорғаныс министрлігі алып-қашпа әңгімеге жауап берді

Министрлік халықты үрейлендірген тікұшақтардың өздеріне тиесілі екенін айтты

«Тікұшақпен вирус шашып жүр»: Қорғаныс министрлігі алып-қашпа әңгімеге жауап берді
Көрнекі фотосурет

Қазақстандықтар арасында «тікұшақтардың ауаға белгісіз улы зат шашып жүргені» туралы алып-қашпа әңгіме желдей есіп жүр. Тіпті, кейбір тұрғындар мұны қауіпті вирус деп, бірін-бірі далаға шықпауға үгіттеуде. Күні кеше осындай жалған ақпарат таратқан Түркістан облысының тұрғыны ұсталғанын да еске салайық.

Ал, елді дүрліктірген видеороликтер Шымкент пен Маңғыстау облысында түсірілген. Онда тікұшақтардың расымен де аспаннан белгісіз сұйық зат шашып жүргенін аңғаруға болады. Тұрғындардың бір бөлігі мұны дезинфекциялық жұмыс десе, өзгелері өсімдіктерді дәрілеп жүр деген пікірін айтты. Ал, үшінші тарап «ауаға адамдарды өлтіретін вирус таратып жатыр» деп ел арасында дүрбелең тудырды.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, әуедегі түкұшақтар Қорғаныс министрлігіне тиесілі екен. Ведомство өкілдері оқу-жаттығу жиындарын өткізгенін айтып отыр. Министрлік дезинфекция жұмыстарын жүргізбейді. Ал, тікұшақ шашқан сұйық зат – өрт сөндіруге арналған қарапайым су екен.

«Апта сайын оқу-жаттығу шаралары жүргізіліп, тікұшақтарды әуеге көтереміз. Оның аясында дала өртін, орман өртін сөндіру үшін су шашу аппараты қолданылады. Жаттығу шарасы ұшқыштардың кәсібилігін шыңдауға, өрт кезінде қажетті биіктікті сақтай алуына арналған», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары