$ 518.39  603.09  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:34
Қоғам

Қазақстанда қару иелерін бақылау күшейеді: енді не өзгереді?

Жеке күзет ұйымдарына жаңа талаптар қойылған

Қазақстанда қару иелерін бақылау күшейеді: енді не өзгереді?
Фото: istockphoto.com

Парламент Мәжілісі қару иелері мен жекеменшік күзет компанияларына бақылауды күшейтетін заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заң жобасына президенттің тапсырмасымен Мәжіліс депутаттары бастамашы болған.

Заңға сәйкес қару ұстайтын заңды тұлғалар (компаниялар) өз қызметін тоқтатса, 10 жұмыс күні ішінде қару мен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына тапсыруға міндетті болады.

Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы бар адамдар қаруын тексеру атысы үшін тапсыруға тиіс. Егер оны уақытында жасамаса, ІІМ олардың рұқсаттарын уақытша тоқтатады.

Ал жеке күзет ұйымдарына жаңа міндет енгізіледі: егер олар қызметін тоқтатса, қайта бастаса немесе тіркелген мекенжайынан тыс жерде күзет қызметін көрсетсе, 5 жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

Сонымен қатар, құжатқа «Әскерилендірілген теміржол күзеті» тұжырымдамасы енеді. Бұл – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі құрылым. Оның міндеті – транзиттік теміржол бағыттарында жүк пен заттарды үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету.

Бұған қоса, құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй төлемдерін төлеу тәртібі жетілдіріледі.

Түзетулерде құқық қорғау органдарының қарауындағы қару негізінде Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құруға мемлекеттік бақылау талаптары нақтыланады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#заң #қару-жарақ