$ 518.39  603.09  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:24
Қоғам

Фармацевтикалық мафияның кесірінен қазақстандықтар сапалы дәріге қол жеткізе алмай жатыр – Әбенов

Елімізде дәрі-дәрмектің саны азайып кеткен дейді мәжілісмен

Фармацевтикалық мафияның кесірінен қазақстандықтар сапалы дәріге қол жеткізе алмай жатыр – Әбенов
Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы фармацевтикалық мафия өз дәрі-дәрмегін сату үшін нарыққа басқа препараттарды кіргізбейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбат.

«Бұрын үш жыл бұрын бөлінген ақшаға 70 пайызға дәріні аздау алған. Дәрінің саны азайып кеткен. Он жыл бұрын Қазақстанда 12,5 мың дәрі бар-тұғын, қазір 6,5 мың ғана. Фарм-мафия жаңа дәрілерді кіргізбейді, себебі өздерінікін сатқысы келеді. Ресейде 18,5 мың дәрі бар, ал Қазақстанда 6,5 мың ғана. Қазақстан азаматтары осы фарм-мафияның кесірінен сапалы дәріге қол жеткізе алмай отыр», - дейді Әбенов Мәжіліс кулуарында.

Сондықтан депутаттар корпусы Ақмарал Әлназарова бастаған Денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі жұмысын толығымен қолдайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары