$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2020, 22:46
Сайлау-2021

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарымен кездесті

Іс-шара «KBT Store» компаниясында өтті

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарымен кездесті

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы жас сайлаушылармен және «Ақ жол» партиясының құрдастарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Іс-шара жаңа технологияларды әзірлеумен, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бойынша тауарларды жеткізумен айналысатын «KBT Store» компаниясында өтті. Компанияда 18-35 жас аралығындағы 1200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазы, Мәжіліс депутаттығына кандидат, «ақжолдық» Азат Сембинов басқарады.  

Өз сөзінде Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарын өмірлеріндегі алғашқы сайлаумен, бірінші дауыс берулерімен құттықтады.

«Ақ жол» партиясына 18 жыл толды, өткен уақыт ішінде үш рет парламентке өтті. Көпшілігіңіз бірінші рет дауыс бермексіздер. Бұл сіздердің саяси өсулеріңіз және осы сәтте дұрыс таңдау жасау өте маңызды», - деді ол өзінің құттықтауында.

«Ақ жол» көшбасшысы партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, бизнесті қолдау және әлеуметтік әділеттілік туралы бөлімдерге ерекше тоқталды.

Ақжолдықтарды алаңдатып отырған мәселелердің бірі - бүгінде үкіметтік бағдарламалардың дені үлкен шаңырақтардың мүддесін ескермейді. Сондықтан  жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне байланысты ынталандыру керек. «Ақ жол» партиясы 2012 жылдан бастап мынадай ұсыныс жасап келеді: Бірінші бала туған кезде және одан әрі әрбір келесі бала туғанда 25%-ға субсидиялап, 4-бала туған кезде отбасының ипотекасын 0%-ға дейін төмендеп, мұндай шаңырақтар  көпбалалы отбасы санатына ауыстырылуы керек.

Серіктес жаңалықтары