$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2020, 18:23
Сайлау-2021

Айқын Қоңыров: «Саяси доданың маңызды кезеңі басталды»

Қазақстан Халық партиясы сайлауалды штабын таныстырды

Айқын Қоңыров: «Саяси доданың маңызды кезеңі басталды»
Айқын Қоңыров, ҚХП төрағасы

Партия БАҚ өкілдеріне жаңа бағдарламасын ұсынды. Спикерлер үгіт-насихат жұмыстары туралы айтты. ҚХП елдің саясатын әлеуметтік бағытқа бұрып, сайлауда халықтың қолдауына ие болатынына сенімді.

ҚХП төрағасы, Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров журналистерге партияның негізгі идеяларын баяндады.

«Саяси доданың маңызды кезеңі басталды», – деді Айқын Қоңыров.

ҚХП ОК хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков пен ҚХП республикалық сайлауалды штабының басшысы Олжас Сыздықов өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттардың қалай іріктелгенін түсіндірді.

«Қазақстанның әр өңірінде партияның қалалық және облыстық филиалдары жұмыс істейді. Олардың бәрі жергілікті халықпен тығыз байланыста. Сайлау күні жарияланған соң ҚХП да дайындықты үдетті. Облыстық, қалалық филиалдардың базасында сайлауалды штабтар ұйымдастырылды. Үгіт-насихат жұмыстарына дайындық барысы пысықталды», – деді Олжас Сыздықов.

Қазір партия өкілдері облыс орталықтары мен қалаларда, ірі мегаполистерде баннерлер іліп, үнпарақтар жабыстырып, ақпараттық материалдарды таратуда.

Сондай-ақ партия үгіт-насихат жұмыстарына әлеуметтік желілерді де тиімді пайдалануда. Мәселен, ҚХП ел тұрғындары үшін ең өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін «Жолдас Қоңыров» тelegram-каналында онлайн-референдумды іске қосты.

Сайлау күніне аз уақыт қалды. Қазақстан Халық партиясы халықтың қолдау көрсететініне сенімді.

«Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр, босаңсуға болмайды», – дейді партия өкілдері.

Серіктес жаңалықтары