21.11.2025, 14:30
Саясат
Қазақстан мен Армения Ақордада он бес түрлі құжатқа қол қойды
Қазақстан президенті мен Армения премьері бірлескен мәлімдеме қабылдады
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Ақорда жазғандай, Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрінің қатысуымен ресми делегация мүшелері төмендегідей үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы және Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Армения Республикасы Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Армения Республикасы Экономика министрлігі арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда-саттығы жөніндегі ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы Сырты істер министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2026-2027 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспары;
- Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Арменияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Қазақстан-Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім;
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Арменияның Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік коммерциялық емес ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ пен Арменияның Кино қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі мен «Арменияның Ұлттық галереясы» арнайы ғылыми-зерттеу бірлестігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ғылым және жоғары білім саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
07.01.2026, 17:13
Атыраудағы отбасы өлімі: күдіктінің кім екені белгілі болды
07.01.2026, 15:18
Шымкентте сарбаздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
07.01.2026, 08:22
«Біз бармыз, біз аман қалдық»: Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайына араша түсті
07.01.2026, 14:46
Ақтауда ана мен екі бала мысықтың арқасында өрттен аман қалды
07.01.2026, 11:10
Астанада пәтерде жалғыз қамалып қалған бала құтқарылды