Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды (ВИДЕО)
Оны Шавкат Мирзиёев шығарып салды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысын «Ташкент-Хумо» әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барған еді. Өзбекстанда президент Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Президент қазақ-өзбек шекарасында ашылатын Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы өзара сауданы дамытуға соны серпін беретініне тоқталды.