$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2020, 12:58
Саясат

Шпекбаевтың қызметтен кеткені туралы ақпаратқа Жемқорлықпен күрес агенттігі жауап берді

Агенттік төрағасы 4 шілдеде 63 жасқа толады

Шпекбаевтың қызметтен кеткені туралы ақпаратқа Жемқорлықпен күрес агенттігі жауап берді
Total.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың қызметтен кеткені туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа аталған ведомствоның баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бұған дейін танымал блогер Ербол Еділовтің Telegram-каналында Шпекбаевтың отставкасы туралы жазылған болатын.

«Кей дереккөздердің ақпаратына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнет жасына жетуіне байланысты қызметтен кетуге өтініш берген. Оның отставкасын қабылдау туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды», - делінген аталған жазбада.

Ведомство өкілдері бұл ақпарттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Айта кетейік, Алик Шпекбаев аталған агенттікті 2019 жылдың маусым айынан бері басқарып келеді. 4 шілдеде ол 63 жасқа толады.

Серіктес жаңалықтары