$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2020, 15:36
Саясат

«Жүздеген адамға ас беріп, ауру таратқан». Сенатор «соғыстан да қиын» ауру туралы дабыл қақты

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы әкесіне ас беремін деп, өзі де, әйелі де ауруханаға түскен әріптесі туралы айтып берді

«Жүздеген адамға ас беріп, ауру таратқан». Сенатор «соғыстан да қиын» ауру туралы дабыл қақты

Әлеуметтік желіде белсенді сенатор Мұрат Бақтиярұлы карантин кезінде қайтыс болған адамды ең жақындары ғана жерлеу керек және ас беріп, адам жинамау керек дейді. Депутаттың ойынша, өлімге жиналудың немесе той-томалақ жасаудың арты жақсылыққа апармайды. 

«Осыдан бір жұма бұрын бірге қызмет жасайтын азаматтың әкесі қайтыс болып, елге сұранып кетті. Мен оған індетке байланысты жағдайдың өте күрделі екенін, мүмкіндік болса, ағайындар кейін де көңіл айтатынын , соны туыс-туғанға дұрыстап түсіндірерсің, үйде мүлдем дастархан жаюға болмайды,  айналайын, соны ескерерсің деп едім. Өкінішке қарай, кейін естігенімдей, бірнеше жүз адам жиналған , ас та төк дастархан жайылған . Нәтижесінде, Нұрсұлтан қаласынан сап-сау барған азамат әйелімен бірге індет жұқтырып, ауруханадан бір-ақ шықты. Демек, сонда жиналған адамдардың көпшілігі індет жұқтырды деген сөз. Ағайын, бұл індет соғыстан да жаман. Соғыста жауыңды көресің ғой, бұл мылтықсыз майдан. Ағайынға, өзіңе , отбасыңа жаның ашыса, жақындама, араласпа. Бүкіл той дегенді бастан шығарып таста. Қайтыс болған адамды ең жақын туыстары, бес-алты адамы жерлесін. Өлгеннің артынан өлмеймін десең, барынша сақтан. Өз өмірің өз қолыңда екенін ұмытпа», - деп дабыл қақты сенатор.

Айта кетейік, коронавирус індетінің өршуіне байланысты, Қазақстанның кейбір өңірлерінде карантин күшейген. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында демалыс күндері адам көп жиналатын орындардың бәрі жабылып жатыр. Елімізде індеттен қаза тапқандар саны 183 адамға жетті.

Серіктес жаңалықтары