$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев АҚШ президентімен кездесу өткізеді

Мемлекет басшысыларының кездесуі Астана уақыты бойынша 7 қараша сағат 04.00-де басталады

Тоқаев АҚШ президентімен кездесу өткізеді
Фото: T.me/Руслан Желдібай

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысыларының кездесуі Астана уақыты бойынша 7 қараша сағат 04.00-де (Вашингтон уақыты бойынша сағат 18.00-де) басталады деп жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды. Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады. Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды. Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті», - деп жазылған хабарламада.

Президенттің айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.

 

Серіктес жаңалықтары