Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық орнатады
Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды
Қазақстан мен АҚШ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды», - деп жазылған хабарламада.
Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.
Еске сала кетейік, бұған дейінПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті. Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.