$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Вашингтонға сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізеді

Тоқаев Вашингтонға сапармен барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

«Ертең мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды.

Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Еске сала кетейік, қазан айының соңында Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті.

Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты. Президент алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді.  

Серіктес жаңалықтары