Тоқаев Филиппин президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Жойқын тайфуннан қаза тапқандар саны 66-ға жетті, тағы 25 адам із-түзсіз жоғалып кетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Калмаэги» тайфунының салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Филиппин президенті Фердинанд Маркосқа көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», - деп жазылған хабарламада.
4 қарашада Филиппиннің орталығында жойқын «Калмаэги» тайфуны соғып, көптеген адам қаза тауып, ғимараттар қирады.
5 қарашадағы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны 66-ға жетті, тағы 25 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 400 мыңға жуық тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Елдің орталық аймақтарында төтенше жағдай жарияланды.