28.10.2025, 11:55
Саясат
Тоқаев Ақордада Финляндия президентін салтанатпен қарсы алды
Мемлекет басшылары бұған дейін Нью-Йоркте кездескен болатын
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Финляндия президенті Александр Стуббты салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, бұл – Александр Стуббтың президент ретінде елімізге жасаған алғашқы ресми сапары.
«Мемлекет басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездескен болатын», - деп жазады Ақорда.
Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды