23.10.2025, 12:18
Саясат
Қазақстан мен Әзербайжан Бас прокуратуралары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жуырда Әзербайжан президенті Қазақстанға ресми сапармен келген болатын
Фото: gov.kz
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің Бас прокуратуралары Ақордада Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның Бас прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, құжаттың негізгі мақсаты – қылмыспен күресті күшейту және заңсыз алынған активтерді қайтару саласында өзара әрекеттестікті дамыту.
Тараптар қадағалау ведомстволарының кәсіби, сараптамалық және ақпараттық әлеуетін тиімді пайдалану арқылы серіктестік тетіктерін нығайтуға мүдделі.
Меморандум сонымен қатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруды және тәжірибе алмасуды көздейді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді