30.09.2025, 13:44
Саясат
Тоқаев Италия президентін әуежайдан шығарып салды
Серджо Маттарелла елімізге кеше келген болатын
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, Италия президенті Астанаға ресми сапармен кеше келген болатын. Екі ел президенттері келіссөз жүргізіп, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты талқылаған.
Ақорда жазғандай, Қазақстан президенті Серджо Маттарелланың Астана мен Рим арасындағы серіктестікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанына назар аударған. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Римге жасаған ресми сапары барысында Қазақстан – Италия ынтымақтастығына тың серпін берген маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгеніне тоқталған.
Көп оқылған
30.03.2026, 12:13
Наурыз айының соңғы күндері Қазақстанда 32 градус ыстық болады
30.03.2026, 17:55
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Алматы әкімі көлігін тұраққа дұрыс қоймағандардың өзін жазаламақ
30.03.2026, 09:00
1 млн-ға жуық доза: Ұлытау облысында көліктен 3 млн доллардың есірткісі табылды (ВИДЕО)
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
30.03.2026, 06:19
Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды: тергеу жүргізіліп жатыр