30.09.2025, 12:45
Саясат
Қазақстан Дональд Трамптың бітімгерлік жоспарын қолдайды – Желдібай
Еліміз бұл жоспар ахуалды реттеуге үлес қосады деп сенеді
Фото: T.me/Руслан Желдібай
Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді», - деп жазды ол.
Айта кетейік, кеше түнде Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамппен түскен суретін жариялаған еді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады