$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Ауғанстанға 272 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Олардың ішінде шатыр, қант, көрпе, ет консервісі және ұн бар

Қазақстан Ауғанстанға 272 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі KazAID Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің қолдауымен Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ірі партиясын теміржол арқылы жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше жалпы салмағы 272 тонна 728 килограммды құрайтын 26 вагон гуманитарлық жүк жөнелтілген.

«Олардың ішінде шатыр, қант, көрпе, ет консервісі және ұн бар», - деп жазылған KazAID Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің хабарламасында.

Еске салайық, 2025 жылғы сәуір айында да гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Дәрі-дәрмек, медициналық бұйым және жеке қорғаныс құралдары тиелген жүк әуе арқылы жеткізіліп, оның жалпы салмағы 3 тонна 396 килограммды құрады.

«Қазақстан тату көршілік қатынастарды дамыту бағытын ұстанады, өңірдегі гуманитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрі қарай да атсалысуға дайын», - дейді агенттік мамандары.

Серіктес жаңалықтары