$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бағдарлама – депутат Президент Жолдауын талқылады

Президент Қазақстанды үш жылда толық цифрлық елге айналдыруды тапсырды

Білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бағдарлама – депутат Президент Жолдауын талқылады
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын ел дамуы үшін маңызды құжат деп атады. Оның айтуынша, құжат геосаяси қақтығыстар күшейіп, халықаралық құқық әлсіреген кезеңде тұрақтылықты сақтап, нақты реформаларды жүзеге асыруға жол ашады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутат Жолдауда көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды жіктеп берді: 

  • Цифрландыру және басқару. Президент Қазақстанды үш жылда толық цифрлық елге айналдыруды тапсырды. Бұл мақсатта «Цифрлық кодекс» қабылданып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылмақ. Жаңа министрлікті Үкімет басшысының орынбасары деңгейіндегі тұлға басқаруы тиіс. Сондай-ақ Үкіметке барлық салада AI технологияларын енгізу жүктелді.
  • Инвестициялар және қаржы. Шикізаттан өңдеуге басымдық беріліп, жоғары технологияға жеңілдіктер қарастырылады. «Инвестиция» сөзі бар уәкілетті орган анықталуы тиіс. Ұлттық қор қаржысы перспективалы жобаларға бағытталмақ. Сонымен қатар, цифрлық теңге бюджет пен ірі холдингтерде қолданылады. Киберқылмыспен күресу үшін арнайы антифрод орталығы ашылады. Президент аймақ әкімдерінің жұмысы инвестиция тарту көрсеткіші бойынша бағаланатынын атап өтті.
  • Ауыл және жер. Президент халықты сапалы, отандық азық-түлікпен қамтамасыз етуді басты міндет ретінде белгіледі. Мал шаруашылығы экспортқа бейімделіп, импортқа тәуелділік азайтылуы тиіс. 2022 жылдан бері қайтарылған 13,5 млн гектар жер 2026 жылдың ортасына дейін айналымға енгізіледі. Жер тек электронды конкурс арқылы беріліп, сапасы спутниктен бақыланатын болады.
  • Білім мен ғылым. «Келешек мектептері» жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і ашылды, қалғаны үш айда пайдалануға беріледі. Мектептерде жасанды интеллект құзыреті оқытылып, «Al-Sana» бағдарламасына 100 мың студент тартылады. «Qazaq Digital Mektebi» арқылы ауылдағы шағын мектептерге қолжетімді білім жеткізілмек.
  • Парламенттік реформа. Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын жария талқылауға шығарды. Бұл мәселе бойынша 2027 жылы референдум өткізу ұсынылды.

Аманжол Әлтайдың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның цифрлық даму көшінде алдыңғы қатардан орын алуына, тұрақтылықты сақтап, экономиканы еселеуге және білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бағдарлама.

Серіктес жаңалықтары