09.09.2025, 11:32
Саясат
Руслан Желдібай Тоқаевтың көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Президент оны бұрынғы лауазымынан босатты
Фото: Ақорда
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа көмекшісін әрі баспасөз хатшысын тағайындады, деп жазады Azattyq Ruhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлаған Ақорда.
Сондай-ақ, Тоқаевтың Жарлығымен Қуанышбек Есекеев президенттің көмекшісі болып тағайындалды, ол да бұрынғы атқарған лауазымынан босады. Ал президенттің Протоколы қызметінің бастығы әрі президенттің кеңесшісі лауазымына Марат Әшім тағайындалды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды