$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мұрат Нұртілеу Шолпан Атада Сергей Лавровпен кездесті

Тараптар қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады

Мұрат Нұртілеу Шолпан Атада Сергей Лавровпен кездесті
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Шолпан Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттағы қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады», - деп жазылған Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сұхбаттастар сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Еске сала кетейік, таяуда Ресейге кіру тәртібінің өзгеруіне байланысты елшілік қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын.

Қазақстан мен Ресей арасындағы визасыз қатынас тәртібі өзгермейді. «ruID» қосымшасы арқылы өтініш беру – ерікті сипатта. Алайда ресейлік мемлекеттік қызметтерге, ұялы байланыс операторларының қызметтеріне және төлем жүйелеріне оңай қол жеткізу үшін қосымшаны пайдалану ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары