19.06.2025, 12:40
Саясат
Тоқаев Астанадағы «Дәулет» теннис орталығына барды
Президенттің жанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек еріп жүр
Фото: Ақорда
Бүгін Астанадағы бірқатар нысандарды аралап жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» теннис орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.
«Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді