$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев жаңа қорғаныс министрін қабылдады

Президент оған нақты міндеттер жүктеді

Тоқаев жаңа қорғаныс министрін қабылдады
Фото: Ақорда

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Кездесуде мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылғанын жазған едік. Бұл лауазымға мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне келді

Серіктес жаңалықтары