08.06.2025, 14:25
Саясат
«Қазпоштаның» экс-басшысы президент кеңесшісі болып тағайындалды
Асел Жанасова 1987 жылы дүниеге келген
Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Асел Жұбанішқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды»,– делінген ресми хабарламада.
Әсел Жанасованың өмірбаяны мен кәсіби тәжірибесі
Әсел Жанасова 1987 жылы 8 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
- 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетін тәмамдаған;
- Кейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Executive Management магистратурасын бітірген;
- 2010–2014 жылдары Лондонда Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында жұмыс істеген (ақпараттық қауіпсіздік саласында директор лауазымына дейін көтерілген);
- Ұлттық банкте цифрлық технологиялар департаменті басшысының орынбасары, «Банктік сервис бюросында» кеңесші қызметтерін атқарған;
- 2016–2017 жылдары «Зерде» ұлттық холдингін басқарды;
- Астана халықаралық қаржы орталығында (AIFC) цифрлық жобаларға жетекшілік еткен;
- 2020 жылы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болды – осы салада цифрлық жобалармен айналысты;
- 2022 жылдан бері «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарып келді.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 10:08
«Қызы тастап кеткен бе?»: Атырауда бозбала түнде шу шығарып, ағаштарды сындырды (ВИДЕО)
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды