$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тоқаев шақырды»: Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келеді

Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтпек

«Тоқаев шақырды»: Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келеді
Фото: Ақорда

Келесі аптаның басында Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мәртебелі қонақ елордаға 16-17 маусым күндері сапарлайды.

Тоқаевтың шақыруымен келе жатыр

Ақорданың ақпаратына сүйенсек, сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.

«16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады», - деп хабарлады Ақорда.

Астанада үлкен саммит өтеді

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы сапар аясында Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.

«17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді», - деп хабарлайды Ақорда.

Серіктес жаңалықтары