$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2020, 00:44
Саясат

Тоқаев Ирландия Премьерімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында саяси ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды

Тоқаев Ирландия Премьерімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: баспасөз қызметінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқанв Ирландия Премьер-министрі Лео Варадкармен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме даса

«Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың юю жағдайы мен саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды күшейтуге және ауылшаруашылығы, жоғары технологиялар мен инновациялар салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Лео Варадкар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қозғады. Оның ішінде,  БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар алаңында Қазақстан мен Ирландияның өзара әрекеттесуі жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты дамыту мен ілгерілетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына ерекше тоқталды. Қазақстан Президенті және Ирландияның Премьер-министрі екі елдің пандемияның кері салдарын жеңілдету бойынша кешенді шаралар, оның ішінде, тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңде іскерлік белсенділікті ынталандыру жұмыстарын жоғары бағалады.

Телефон арқылы сөйлесуге Лео Варадкар бастамашы болды.

Серіктес жаңалықтары